Шығыс Қазақстан облысы

Шығыс Қазақстан облысы — еліміздің солтүстік-шығысындағы әкімшілік-аумақтық бөлігі. 1932 жылы 10 наурызда құрылған. 1997 жылдан бастап облыс құрамына таратылған Семей облысының территориясы қосылды.
Облыс орталығы — Өскеменнің негізі 1720 жылы қаланған. Облыс құрамына 15 аудан енген.
Екінші дүниежүзілік соғыстан кейінгі жыл-
дары облыс экономикасы тез қарқынмен дамыды.

Ертіс өзенінде Бұқтырма, Өскемен, Шүлбі электр стансалары салынды. Кенді Алтай бойында түсті
металл өндіретін жаңа кеніштер мен оны өңдей-тін металлургиялық кәсіпорындар, Семейде бұрынғы одақ көлемінде қуаты жағынан КСРО-да екінші орын алған ет комбинатының қарқыны артып, Өскеменде титан-магний комбинаты, жасанды жібек комбинаты сияқты көптеген өнеркәсіп орындары пайда болды.
Өскемен қаласында 300 мыңдай, Семей қаласында 290 мыңдай халық бар. Өскемен қаласында С.Аманжолов атындағы университет, Серікбаев атындағы техникалық университет, Семейде Шәкәрім атындағы педагогикалық университет, Семей мемлекеттік университеті тәрізді әйгілі жоғары оқу орындары бар.
Шығыс Қазақстан облысы туристік саланың дамуы бойынша Алматы мен Астана қалаларынан кейінгі 3-орынды иеленеді. Бұл облыста танымал «Берел» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық-мұражайының нысандары, Бұқтырма су қоймасы, Ертіс өзені мен Зайсан көлі, Қатонқарағай мемлекеттік ұлттық табиғи паркі, Алакөл көлі, Семей қаласы, Абай Құнанбайұлы, Шәкәрім Құдайбер-діұлы, Мұхтар Әуезов сияқты қаламгерлер дүниеге келген Шыңғыстау өлкесі бар.
Рахман қайнары — Шығыс Қазақстан облысындағы ең көрікті жерлердің бірі. Қатонқарағай ауданындағы шипалы жылы су көзі теңіз деңгейінен 1750 метр биіктікте айналасын биік тау, орман қоршаған жерде орналасқан. Су граниттегі терең тектоникалық жарықтан шығады. Судың температурасы 35-42 градус ыстық. Рахман қайнарының емдік қасиеті оның құрамындағы көмір қышқылының, родонның молдығында. Бұл су асқазан, ревматизм, жүйке, тыныс жолдары ауруларын, әртүрлі улану мен жараларды емдеуде қолданылады. Ыстық қайнарды Рахман деген шаруа 1763 жылы тауып алған. Содан Рахман қайнары деп аталып кеткен.

Саяхаттың басшысы — Саят Қамшыгер

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *