Нан қадірі

21bet_f1Елдің дəулеті дастарқан сəні наннан басталады. Міне, осы дастарқанның сəні, тіршіліктің нəрі нанды қадірлеу туралы ашық шара өтті. Онда оқушылар нан туралы тақпақтарын айтып, «Бидай мен қаңбақ» мысалын сахналап көрсетті. Нанның дастарқанға оңайлықпен келмейтінін, көп еңбектің нəтижесінде келетінін мұғаліміміз суреттер арқылы көрсетіп түсіндірді. Жер – Анамыздың бізге сыйлап отырған асыл қазынасын ұқыпты да, ысырапсыз пайдалану қажет. Олай болса, наннан қасиетті ешнірсе жоқ.
Берекет ТҰРСЫНАЛИЕВ.
Атырау облысы, Құлсары ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *