Қайырымдылық үшін кітап жазды

Қайырымдылық үшін кітап жазған 8 жасар бала 1 млн. долларға жуық қаражат жинады.
АҚШ-тың 8 жастағы тұрғыны Дилан Сигел сирек кездесетін “Гирке синдромына” шалдыққан досы Джонға қаржылай көмек беру үшін 16 беттік кітап шығарды. “Chocolate bar”, яғни, “Шоколад кафесі” деп аталған шағын кітаптың безендірілуін де Дилан өз мойнына алған, — деп жазады e-islam.kz.
«Chocolate bar» — барлық ұнамды дүниелердің ордасы. Сегіз жасар “қаламгердің” айтуына қарағанда, бұл тіркеспен ол өзіне ұнайтын барлық нәрсені жеткізгісі келген. Бұл туралы аталған кітаптың ресми сайтында мәлім болды. Ал кітапты сатудан түскен қаржы 900 000 долларды құрапты. Бұған дейін БАҚ беттерінде ол 750 мың АҚШ долларын жинаған деп жарияланған болатын.
«Мен өзімнің досыма көмектескенім үшін өте қуаныштымын. Менің жазғандарымды бөліскен халыққа алғысым шексіз. Балаларды әлемді өзгертуге тарта білгеніміз үшін разымын”- деген автор өз досының аяқтан тұруына өте қатты тілектес екенін айтқан.
Гирке ауруы — глюкозада глюкоза-6-фосфатын түзетін ферменттің жетіспеушілігінен туындайтын бауыр ауруы. Бұл бауыр мен бүйректе гликогендердің жиылуына алып келеді.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *