Қазақтың ұмытылмас “Үш бәйтерегі”

 

Биыл Қазақ әдебиетінің үш бәйтерегі Сәкен Сейфуллин, Ілияс Жансүгіров, Бейімбет Майлиннің туғанына 120 жыл толды.
Соған орай, аудандық білім бөлімінің ұйымдасты-руымен «Қазақтың ұмытылмас үш шырағы» атты аудандық семинар-практикум өтті. Оған негізінен, мектеп кітапханашылары қатысып, балаларға арнаған тың ізденістерін ортаға салып, бір-бірімен пікір алмасты. Техникалық шығармашылық орталығының кітапханашысы Қ. Күшікбаева, С.Сейфуллин мектебінен — Э.Нұрымбетова, Ы.Сүлейменов мектебінің кітапханашысы М.Бақбергеновалар еліміздің Тәуелсіздік тарихына тоқталып, ақтаңдақтар жайлы материалдар толықтылырғанын да айтып өтті. Кітапханашылар жинақтаған дүниелердің слайд түрінде де, буклет ретінде де электрондық нұсқасын дайындаған. Бұл-балалар үшін аса құнды дүние болмақ.
Оқушы өмірінде кітапхананың алатын орны ерекше. Таусылмас қазынаны іздеген ұстаз да, оқушы да осынау орыннан таба алады.

Сәкен Сейфуллин
(15.10.1894-28.02.1939)

Қазақ әдебиетінің негізін салушы, көрнекті ақын, қоғам қайраткері. Оның есімі халық арасына революция жылдары және одан кейінгі кезеңде кеңінен тарады. Ол қазақ ақындарының ішінде бірінші болып революцияны жырлады. С.Сейфуллин шығармалары қазақ халқының Қазан әкелген бостандықты тануына, революция шындығын түсінуге көмектесті.
Сәкен (Сәдуақас) Сейфуллин 1894 жылы бұрын-ғы Ақмола облысына қарасты Ақмола уезіндегі Нілді болысының бірінші ауылында, қазіргі Қарағанды облысы Жаңаарқа ауданында туған.

Ілияс Жансүгіров
(01.05.1894-26.02.1938)

Қазақ әдебиетінің аса ірі қайраткерлерінің бірі. Ол
әдебиеттің барлық негізгі жанрларында қалам тарт-ты. Лирикалық өлеңдерімен қоса І.Жансүгіровтың “Күй”, “Дала”, “Күйші”, “Құлагер” сияқты поэма-лары бар. Ілияс А.С.Пушкиннің “Евгений Онегин” атты өлеңімен жазылған романын, “Гаврилиада” поэмасын, көптеген лирикалық өлеңдерін, Лермонтов пен Некрасовтың, Горький мен Маяковскийдің шығармаларын қазақ тіліне аударды.
І.Жансүгіров 1894 жылы бұрынғы Қапал уезі Ақсу болысында, қазіргі Алматы облысы Ақсу ауданында шағын ғана дәулеті бар шаруаның отбасында туған.

Бейімбет Майлин
(15.11.1894-10.11.1938)

Қазақ әдебиетінің аса талантты өкілдерінің бірі. Бейімбет әдеби жанрлардың баюына, оның тақырыптық кеңеюіне, көркемдік жетілуіне көп үлес қосты. Поэзия, проза, драма салаларында қат-қабат және өнімді қызмет еткен жазушы революция теңдікке жеткізген қазақ кедейлерінің оянып, өсу жолын ауылдағы жаңарушылықтың сырларын өз шығармаларында терең бейнеледі.
Бейімбет Майлин 1894 жылы Қостанай уезіндегі Дамбар болысында, қазіргі Қостанай облысының Таран ауданында туған.

ПІКІР ЖАЗУ