Ғажайып субұрқақтар

XXI ғасыр техника дамуының шарықтаған кезеңі. Күн сайын әлемнің өнертапқыштары мен алып компаниялары адамзатқа қажетті өте ғажап заттарды ойластырып, ел назарына ұсынуда. Бүгін біз таңғажайып өнертабыстардың бірнешеуін назарларыңа ұсынғалы отырмыз.

Дубай: “Әрі әнші, әрі биші субұрқақ”

Әлемдегі ең үлкен әрі ең әдемі субұрқақ Дубайда орналасқан. Субұрқақ бір мезгілде би билеп, ән айтады. Бұл субұрқақ “WET Design” компаниясының жобасымен салынған. Дубай субұрқағы 2009 жылдың 8-мамырында ашылды. Осы ғажайып туынды іске қосылған сәттен бастап, ол миллиондаған туристер мен қала тұрғындарының көзайымына айналды. Субұрқақ адам сенгісіз әдеміліктегі пішіндер мен мүсіндерді жасай отырып, суды 150 метр биіктікке көтереді. Кейін биіктігі 275 метрге жеткен. 6600 түсті индикатордың және түрлі-түсті 50 прожектордың көмегімен мыңдаған нұсқалы көріністерді көрермен назарына ұсынады. Субұрқақ өз билерін классикалық әуендермен қоса, заманауи әуендерге сай орындай береді. Осы бір әлемдегі ең үлкен ғана емес, ең қымбат субұрқақтың құрылысына 210 миллион доллар жұмсалған.

Барселона: “Сиқырлы субұрқақ”

Барселонадағы атақты «Cиқырлы субұрқақ» — каталондық инженер Карлос Буигастың тамаша туындысы. Бір қарағанда, «Cиқырлы фонтан» шынымен билеп тұрғандай әсер қалдырады. Онымен қоса, көрсетілімде ешбір «қимыл», ешбір түс, ешбір пішін қайталанбайды. Осыдан біршама уақыт бұрын, субұрқақ қолма-қол басқарылатын: белгілі бір органды басқарып отырғандай бір адам әуенді, жарықты басқарып отыратын болған. Қазіргі таңда барлық міндет толықтай автоматтандырылған.

Лас-Вегас: “Ғажайып әнші”

Тағы бір ерекше әрі үлкен «ән салатын» субұр-
қақты Лас-Вегасқа жолыңыз түсе қалған жағдай-
да тамашалуға болады. Ол бесжұлдызды «Bellagio» қонақ үйін жағалай ағатын 400 метр-
лік жасанды өзенде орналасқан. Субұрқақ 80 метр биіктікке көтерілетін 1175 су сорғалағыш-тан, 4500 шамнан және Павароттидің, Андреа Бочеллидің, Фрэнк Синатраның әндері естілетін көптеген динамиктерден тұрады.
Лас-Вегастағы «Ғажайып әншінің» құрылысы-на 40 миллионнан астам қаржы жұмсалған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *