Көненің сөзі — ақылдың көзі

Бəкібай атай үнемі ақыл айтып отырады. Көп сөздерін дəптеріне түртіп алғам. Олар мыналар: «Табиғат Алланың адамзатқа сыйлаған баға жетпес байлығы». «Дүниені құшағына сыйдырған Жер-Анадан кішіпейілділікті үйреніңдер». «Əділеттік заңы салтанат құрған қоғамның абыройы асқақ, тұрмысы сəнді, тіршілігі мəнді». Атайдың осынау сөздеріне қарап отырып, не деген шешен кісі деп таң қаламын. Əрине, қазіргі таңда ондай атайлар аз. Шіркін, осындай атайлар көп болса…
Ботакөз АБАШЕВА.
Ақтөбе облысы, Байғанин ауданы,
Қарауылкелді ауылы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *