“Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп»

АБАЙ 170 жыл

Жас оқырман!

2015 жылы қазақтың данасы, ойшыл,
елдің бетке ұстар ақыны Абай Құнанбайұлының туғанына 170 жыл толады. Осы айтулы мерейтойға орай «Мөлдір бұлақ» журналының редакциясы Абай жайында жазылған өлеңдер мен шығармаларға бәйге жариялайды. Бәйгенің тақырыбын ақынның — «Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп» деген өлең жолымен атауды жөн көрдік.
Бәйгенің мақсаты: Абайдың шығармашылығын жас ұрпаққа насихаттау, бас ақынның гуманистік көзқарасын бүгінгі жастарға түсіндіру, ұл-қыздарды ұлтжандылыққа, адамгершілікке, мейірім, ізгілікке, имандылыққа, үлкенді сыйлап, кішіге кішіпейілдік танытуға, достыққа шақыру.

Бұл бәйгеге 10 мен 17 жас аралығындағы мектеп оқушылары қатыса алады.
Жас оқырмандарды адамгершілікке шақырған Абай шығармашылығын қамтып, ақынның ойы, идеялары негізінде шығарма жазып, өлең шығару. Соңына аты-жөндері мен мектептерін, сыныптарын, мекен-жайларын, телефондарын толық жазып, «Бәйгеге» деп белгі соғылады. Редакциямызға хатпен немесе электронды поштамен жолдауларыңа болады.
Қазақтың ұлы ақынының мерейтойы — әр жастың мерейі, мәртебесі. Сен бәйгеге қатысу арқылы қазақ руханиятына үлес қосасың. Жеңімпаздардың шығармалары мен өлеңдері журнал беттерінде жарияланады. Сәттіліктер серік болсын, іске сәт, жас достар!

Бәйге жеңімпаздарына арналған сыйлықтар:

Бас бәйге – ноутбук;
I орын – 2 ұялы телефон;
II орын – 3 қысқа толқынды пеш;
III орын – 4 планшет.
“Ерекше шығармалары” үшін
— 7 сыйлық.
«Ынталандыру»
сыйлықтары — 50 сыйлық тағайындалды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *