Балалар арасындағы пневмония

Пневмония немесе өкпенің қабынуы – түрлі вирустардың, бактериялардың, паразиттердің, микроорганизмдердің әсерлерінен пайда болған өкпе инфекцияларына қатысты ортақ термин. Көбіне пневмания вирустардың әсерінен болады. Кейбір жағдайда пневманиямен ауыратын ауру адам түшкіру кезінде қасында отырған сау адамның өкпесіне бактериялар мен микроорганизмдер жұқтыру арқылы өкпенің инфекциялық қабынуын таратады.
Пневмонияның белгілері: Аурудың белгілері балалардың жас ерекшелігіне қарай және аурудың пайда болу себебіне байланысты әр түрлі болады. Ең көп таралған белгілері:
— дене қызуының көтерілуі;
— қалтырау, тоңып дірілдеу;
— жөтел;
— мұрынның толып қалуы;
— тыныс алудың жиілеп кетуі;
— тыныс алу қиындайды;
— құсу, тәбеттің болмауы;
— бала мазасызданып тұрады;
— сирек кездесетін жағдайда еріннің түсі көгілдір немесе сұрланады;
— 2 айға дейінгі балалардың тыныс алуы минутына 60 рет;
— 2 айдан 1 жасқа дейін минутына 50 рет;
— 1 жастан жоғары минутына 40 рет.
Осы белгілердің қай-қайсысын байқасаңыз, тез арада дәрігерге барыңыз. Бұл ауруды үй емімен емдеуге мүлде болмайды.
Әрбір ата-ананың міндеті баланың денсаулығын мұқият қадағалап, түрлі аурулардан алдын алу. Ал инфекцияларды уақытында емдеп отыру, аурулардан сақтанудың бірден-бір жолы.

“Мөлдір бұлақ” — ақпарат

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *