Балалар арасындағы сүйек-буын туберкулезі

Балалар сүйек-буын туберкулезі – өте ауыр созылмалы жұқпалы ауру. Туберкулезге адамның барлық ағзалары шалдығады. Туберкулезге шалдыққан мүше көбірек қабынады, осыған байланысты туберкулезді бірнеше түрге: өкпе, без, плевра, тамақ, сүйек-буын, ми қабығы, ішек, көз және т.б. ағзалар туберкулезі деп бөледі. Балалар арасында ең көп тарағаны — без туберкулезі, одан кейін жиі кездесетіні – өкпе туберкулезі.

Ауру балаларға үлкен науқас кісілерден, малдан жұғады. Туберкулез микробы бала организміне тыныс жолдары және тамақ ішкенде ауыз арқылы ішке кіріп, қан тамырларына түседі де, дененің сүйек-буын тканьдеріне тарайды. Ауру сүйектен басталып, біртіндеп жақын тұрған буынға көшеді.
Туберкулездің алдын-алудың ең тиімді әдісі – туберкулезге шалдыққан барлық науқастарға үздіксіз ем жүргізу. Себебі, дәрігер белгілеген дәрілерді қолданса, науқастың бактерия бөлінуі тоқтап, сәйкесінше, қоршаған ортаға таралу процесі тежеледі. Сонымен қатар, туберкулезге қарсы егу, БЦЖ вакцинасы алдын алуға себепкер.

Құрметті ата-ана! Ауру айтып келмейтінін ескере отырып өз балаларыңыздың денсаулықтарына абай болыңыздар!

ПІКІР ЖАЗУ