Табиғат таңғажайыптары

Адам баласы дүниедегі не бір ғажап нәрселерді, керемет идеялармен жүзеге асырып, қолмен жасап, әлемді таңқалдыруда. Десе де, Табиғат-Ана жаратқан кереметтерге олардың ешбірі тең келмес. Тілсіз табиғаттың жаратылысы соншалық, адам сенгісіз небір ғажайып жерлер әлемнің түкпір-түкпірінде бар. Қолдан салынған мүсін секілді. Табиғат деген шексіз емес пе?..

Алып жол – Ирландия

Солтүстік Ирландияда орналасқан ерекше тізбекті алып жол. Теңіздің түбінен басталатын тізбекті тас трамплин формасындай орналасқан. Әрбір тізбекті – алтыбұрышты тізбек деп атайды. Алайда, оның арасында төртбұрышты, бесбұрышты, жетібұрыштылар да кездеседі екен. Ең биігі 12 метр. Солтүстік Ирландияда назарға алынған, көпке танылған әрі туристтер үшін ұйымдастырылатын ерекше орын болып есептеледі.

Тасты толқын – АҚШ

Аризон мен Юта штаттарының орталығында геологиялық ғаламат «Толқын» деп аталатын тасты жер орналасқан. Үлкен, кең көлемді қызыл тасты мекен теңіз толқынындай әсер қалдырады. Бірнеше миллион жыл бұрын қатты нөсердің қысымымен су тасқынынан монолит тасы нығыздалып құм мен тасқа айналған. Монолит тасының осалдығынан бұл жерге күніне 20 туристтен артық адам жіберілмейді екен, әрі оған жету үшін 5 км жаяу жүру қажеттілігі көрінеді.

Лена өзенінің тіреуі – Ресей

530-570 млн жыл тарихы бар қасиетті орын. Якут қаласындағы Лена өзенінен бірнеше километр ұзындыққа созылған жартас. Геологиялық тұрғыдан құрылған ұлттық серуен тоғай. Қорық – Ресей елінің Хангалас және Олекминск аудандарының екі аумағынан тұрады. Бүгін де демалуға келген саяхаттаушыларға, туристтерге арнап көп мүмкіндіктер жасалған.

Бетті дайындаған: Адина ЕРҚАРАЕВА

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *