Банан коктейлі

Жаздың аптап ыстық күнінде түрлі сусындар ішіп, шөл басамыз. Балалар ұнататын, жеңіл әрі дәмді сусынды өз қолыңмен дайындап ішсең қандай рахат!
Құрамы: 1 банан; жарты стақан жеңіл йогурт; ¾ ста-қан сүт (немесе жаңғақ сүті); 1 ас қасық какао ұнтағы.
Дайындау тәсілі: Бананды турап, блендерге саламыз. Оған йогурт, сүт, кейіннен какаоны қосып жақсылап араластырамыз. Оны тағы да миксермен араластырып, сұйықталғаннан соң стақанға құйып, дастарқанға қоямыз. Тоңазытқышқа салып суытуыңа немесе кішігірім мұз қосуыңа да болады.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *