Саяхат дұғалары

Балалар да ата-аналарымен бірге жолға шығады. Яки, өздері сыныптастары саяхатқа жүреді. Жолдың алыс-жақындығана қарамастан, қиындықтары болады. Кездескен қиындықтарды артқа тастап, аман-есен үйге, жақындарымыздың жанына оралуды тілеп дұға қыламыз.
— Ұлылардың ұлысы Аллаһ! Сенен көмек тілеп, Саған сенемін, сапарымды оңынан ете гөр. Бәле-жаладан, апаттан, қазадан сақта. Жолшыбай жақсы адамдармен сапарлас, таныс болуды нәсіп ет. Шаруаларымды жеңілдете көр.
Уа, Раббым! Өзімді, дінімді,туыстарымды, отбасымды — барлығын Саған аманаттадым. Сен бізді жамандықтан,уайым-қайғыдан қорғайсың.
Уа, әсем Аллаһым! Барар жерімізге сау-саламат жеткізе гөр!

(«Дұға-тілектерімді үйренемін» кітабынан алынды).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *