Ардақты атқа лайық ұстаз

Халық арасында білімі мен білігін қатар танытып, еңбегімен ел аузына іліккен ұстаздар бар. Қиындығы мол, жауапкершілігі жетіп артылатын осы бір мамандық иелері ешкімнен жақсылық дәметпей, еңбектерін, уақыттарын, күш-қайраттарын осы жолға арнауда.
Сондай парасатты жан, ардақты ұстаздардың бірі — Алатау ауданына қарасты № 26-мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Гүлмира Шабанбайқызы. Мектеп бойынша өтетін іс-шаралардың ұйытқысы болып жүретін ол ылғи да мәдениетті, ашық жарқын қалыпта. Мамыр айында өнерлі оқушылардың басын қосып, үлкен концерт өткізді. Мектеп әкімшілігінің арнайы шақыруымен ардагерлер қонақ болып барып, тағылымы зор концертті көріп, көтеріңкі көңіл-күймен қайттық. Бірнеше күннен кейін мектептің мәжіліс залында «Ер есімі — ел есінде» атты кеш өткіздік.
Үнемі бір қалыпты, өз ісіне мығым, шебер ұйымдастырушы Гүлмира Шабанбайқызына ардагерлер алқасы атынан алғысымызды білдіреміз.
Марат Қобланов, Алматы қаласы, ардагелер алқасының мүшесі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *