Қариялар аман болсын!

Мен 3 «а» сыныбында оқимын. Журналды оқып отырғанда, басқа балалар сияқты мақала жазып, өлең шығарсам деп армандаймын. Алғашқы әңгімемді Нүкен атам мен Жамалхан әжеме арнағым келді. Олар соғыс жылдарында туған. Көп еңбек етті. Қазір зейнеткер. Ата-әжемді барлық немересі жақсы көреді. Мен олардың ашуланғанын, бізге айқайлап ұрысқанын көрген емеспін. Оларға денсаулық пен ұзақ өмір тілеймін.
Айшагүл НҰРЖАНОВА, №14 мектептің оқушысы,
Алматы облысы, Алакөл ауданы.

ПІКІР ЖАЗУ