Батыр ана — менің әжем

Құрметті, «Мөлдір бұлақ» журналының редакциясы!
Қолыма қалам алып, әжем жайлы айтып өткім келеді. Әжемнің есімі –
Ұлфат. «Батыр ана» орденінің иегері. 10 ұл-қызынан немерелерін айтпағанда, 45 шөбере сүйіп отыр. Әжем бізге: «Тату болыңдар! Біреудің ала жібін аттамаңдар. Адал еңбек етіңдер. Отан мен халқыңды сүй», —  деп ғибрат айтады. Біз оның әр сөзін ден қоя тыңдап, айтқанынан шықпауға тырысамыз.
Манас ІЛИЯС,
ОҚО, Сарыағаш ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *