Пайдалы кеңестер

ᴥ Тоңазытқыштың мұзын ерітіп, суын төккен-нен кейін жылы суға ас содасын қосып жуып, іші әбден құрғағанша бір-екі сағат ашып қойған жөн. Сонда оған қойған тағамдар иістенбейді.
ᴥ Ұзақ уақыт пайдаланылған пышақтар, қасықтар мен шанышқылар қарайып кетсе, оларды картоп пісірілген суға салып, бірнеше минутқа қалдыр. Сүрткеннен кейін, бұрынғысындай жалтырап шыға келеді.
ᴥ Пышақтарды жарты сағат тұз ерітіндісінде ұстасаң (1 стақан суға 1 қасық тұз), олар әлдеқайда жақсы қайралады.
ᴥ Қабырғаға жапсырылған түсқағаз оңайлық-пен алынбайды. Оны жеңілдету үшін, үтіктің ыссы буын басып жүргізсе, тез алынады.
ᴥ Дастарханның қайрылған жері сынбасын десеңіз, іш жағына лейкопластар жапсырып қою керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *