«Ұлт жауһарлары» көрмесі өтті

Алматы қаласында «Әдемі ай» компаниясы-ның «Ұлт жауһарлары» атты көрмесінің тұсаукесері өтті.
Ұлттық кәдесыйлар, түрлі әшекей бұйым-дарымен танылған компанияның бұл жолғы өнімдерінде түрлі нақыштағы сағаттар, білезіктер мен жүзіктер, ақпарат тасушы флэшкалар, қаламсаптар, ою өрнектермен көмкерілген орамалдар, жамылғылар, ерлер мойын орағыштары, әмияндар, фарфор ыдыстар бар. Алматы қалалық әкімшілігінің атынан Гүлназ Кенжетайқызы, зиялы қауым атынан Марат Тоқашбаев, өнер адамдарынан дизайнер Аманжол Найманбай сөз алған көр-
менің тұсаукесерінде «Тамаша» ойын-сауық
отауының әртістері Бауыржан Орда мен Саттар Ерубаев әзілден шашу шашты. Эстра-да әншілері ән салды. Компания директоры Бахаргүл Төлегенқызы өз сөзінде бұл кәде-
сыйлардың мектеп оқушыларының ұлтжан-дылық сезімдерін арттыратынын баса айтты.
(Өз тілшіміз.)

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *