Жұлдыз-жорамал

Тоқты. Мамыр айы тоқтылар үшін жемісті болады. Сабақ үлгеріміндегі жақсы өзгерістер көңіліңді көтереді. Қоғамдық жұмыстарда да белсенділігің арта түседі.

Торпақ. Өз ортаңда абыройың арта түседі. Бұл мүмкін сенің көп білетіндігіңнен болар. Алған біліміңді ары қарай жетілдіре беруден жалықпаған жөн.

Егіздер. Мамыр айындағы мерекелер мен демалыстардың жиілеуі сені тым еркінсітіп жіберуі мүмкін. Тоқсандық бағаңды төмендетіп алмау үшін сабаққа бар ынтаңды сал.

Шаян. Түрлі байқауларға қатысып, бағыңды сынайтын сәттер туады. Өзіңе деген сенімділік алға шығуыңа мүмкіндік береді. Бос уақытыңда ата-анаңа жақсы көмекші бола аласың.

Арыстан. Айдың соңына қарай жаңа ортаға тап болуың ықтимал. Жаңа достар табасың. Бос уақытыңда әдеби кітаптар оқу сенің дүниетанымыңды кеңейтеді.

Бикеш. Қолыңа қызық кітаптар түсіп, бос уақытыңның бәрін кітапханада өткізесің. Сабақ үлгерімің жақсы, айдың соңына қарай күндерің қызықты өтеді.

Таразы. Айналаңда болып жатқан  оқиғаларға көңілің толмауы мүмкін. Бірақ жасың кіші болғандықтан, үлкендерге қарсы шыға алмайсың. Сезімге берілмей, ақылға салып үлкендердің айтқанын тыңда.

Сарышаян. Бұл айда кейбір сарышаяндар өздеріне қызықты іс тауып алады. Ол бос уақыттың текке өтпеуіне себеп болады. Мамыр айында достарыңмен жақсы қарым-қатынастар жасап, өзара түсіністікке қол жеткізесің.

Мерген. Бос уақытыңның барлығын мектепішілік қоғамдық жұмыстарға арнайсың. Бұл саған ұнайды, өйткені, кез-келген жұмыстардың басында болғың келеді. Белсенділігің үшін алғыс аласың.

Тауешкі. Айдың соңына қарай босаңдық танытып, сабаққа онша көңіл бөлмеуің мүмкін. Бұл тоқсандық қорытындыға елеулі әсерін тигізеді. Сондықтан өзіңді жинақы ұстауға тырыс.

Суқұйғыш. Суқұйғыштар жақындары тарапынан күтпеген сыйлықтарға ие болады. Әр сыйлықты жақын адамың таза ниетімен сыйлағандықтан, шын көңілмен қабылда.

Балық. Бұл айда шығармашылықпен айналысатын балықтар үлкен жетістіктерге қол жеткізеді. Еңбекқорлығың ата-анаң мен ұстаздар тарапынан ескерусіз қалмайды.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *