Ақшаңқан үйлерім

Елбасына 18 қанат киіз үй жасап бердім. Түркістандағы мұражайда 20 қанат киіз үйім тұр. Еліміз өткізген дүбірлі тойлардың бірінде киіз үйлерге қызыққан Ресейдің президенті В.Путинге Елбасымыз мен жасаған киіз үйдің екеуін сыйлады.
Бала кезден суретші болғым келді. Әкем менің суретші болғанымды қала-
мады. Себебі, өзі діндар, тақуа адам болатын. «Басқасы – басқа, осы сурет-ші болмай-ақ қойыңдаршы», — дейтін.
Мен Оңтүстік Қазақстан ауылшаруа-шылығы саласында еңбек еткен едім. Кейін өзім жеке қожалық ашып, мал азығын дайындаумен айналыстым. 2003 жылы Алматыға көшіп келіп, содан бері ұлттық киіз үйлермен айналысып жүрмін. Ұлттық дәстүріміз бойынша түрлі киіз үйлер дайындауды жаным қалайды. 1 киіз үйді 3 айда жасап шығуға болады. Ағашын, сүйегін дайындап алған соң, қалған нәрсесін 15 күнде жасап шығамыз. Тапсырыс болған кезде бала-шағамызбен бәріміз бірігіп жұмыла еңбек етеміз. Қолөнермен айналысқан уақыттан бері отызға жуық киіз үй жасадым. Киіз үйлерімді таза киізбен қаптаймын. Жылтырақтарға көп жоламаймын. Киіз үйде күз, көктем, жаз кездерінде сондай жайлы.
Шебер болудың маңызы ерекше. «Шебердің қолы ортақ» деген қазақтың мақалы бар. Өнерің арқылы елдікке, тәуелсіздіктің баянды болуына үлес қосу — үлкен бақыт.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *