Балғын балалар — біздің үмітіміз

bazarkulovaЕлбасы  өзінің әр сөзін-де: « Балалар—біздің бола-шағымыз», — деп өскелең ұрпағымызға зор сенім артады. Қазақстан Республикасы Президентінің бұл сенімін бүгінгі жастар ақтап келе жатқандығын  іскерліктерінен, алға қарай ұмтылған құлшыныстарынан көреміз. Ал, оқушылар болса білімдегі  жаңа жетістіктерімен,  өнегелі тәрбиесімен қуантуда. Жасөспірімдердің мұндай дәрежеге жетуі  — мемлекет тарапынан көрсетілген қамқорлыққа байланысты. Осы орайда балаларымызды ана тілін жүрегімен сүюге, үлкенді құрметтеп, кішіге ізетті болуға, Отаны, халқы үшін талмай қызмет етуге тәрбиелеп келе жатқан ұстаздардың да еңбегі орасан.
Мамыр — мерекелі айдың бірі. Атап өтер мейрамның әрқайсысының ұландарымызға берер тағылымы мол. Біздің еліміз – татулық пен бірліктің, ынтымақ пен өзара түсіністік шарапатының туын тіккен мемлекет. Республикамыздың бар баласын 1 Мамыр –  Қазақстан халықтарының бірлігі күнімен, болашақ Отан қорғайтын ұлдарды Қазақстан сарбаздарының  мерекесімен, барлық қазақстандықтарды Ұлы Жеңістің 64 жылдық  мерейтойымен құттықтаймын!
Мамырдың жайма-шуақ, мамыражай күндеріндей бар әлемде бейбітшілік салтанат құрсын дей келе, «Мөлдір бұлақ» журналының жас оқырмандарына, оларды тәрбиелеп, білім беруден жалықпаған мұғалімдерге, ата-аналарға және соғыс және еңбек ардагерлеріне ұзақ ғұмыр, мықты денсаулық тілеймін. Мереке бақыт пен шаттыққа, ырыс-берекеге кенелтсін деген ізгі  тілекпен:

ПІКІР ЖАЗУ