Алпысты ауыздақтаған Балтекең

baltekenҚазақ балалар әдебиетінің белді өкілінің бірі, жазушы Әділ Балта ағаларың бүгінде алпыстың асқаралы асуын бағындырып отыр. Бұл асуға оның қомақты қоржынмен шыққаны оқырмандарға белгілі. Өздеріңе арналған «Күздің бірінші күні», «33 мысал», «Қызықты қылықтар» және тағы басқа кітаптарын оқып шыққан боларсыңдар, әрине. Ал, кітап болып жарық көрмей, үйінде қолжазба күйінде жатқандары қаншама. Оқырмандары оның көркем тілді, шұрайлы шығармаларын қашан оқимыз деп тағатсыздана күтіп жүргенде, өкінішті-ақ. Дегенмен Балтекеңнің көп жылғы ұстаздық қызметі мен республикалық «Ұлан» газетіндегі – он үш жыл, республикалық «Мөлдір бұлақ» журналындағы бүгінге дейінгі атқарған төрт жылдық қызметі де атап өтуге, бағалауға тұрарлық. Әділ Балта ағаларыңа алдағы өмірде де шығармашылық табыс, мықты денсаулық, отбасына құт-береке тілейміз. Балте-кеңнің шығармаларын журналымыздың әр нөмірі сайын сүйсініп оқып жүрсіңдер. Енді өзінің жеке мінез-қасиетінен де аздап хабардар болсын деп, шынайы өмірінен алынған оқиғаларды алдарыңа тартамыз.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *