Қымбатты оқушылар!

Сіздерді жарқын да қуанышты айтулы мереке — Білім күнімен құттықтаймын!
Дәл осы күннен бастап алғашқы қоңырау үнімен бірге әр адам өмірінің жеке тұлға және азамат ретінде қалыптасу кезеңі басталады. 1-қыркүйек мектепке алғаш келген бүлдіршіндер үшін білім жолына қадам басқан ерекше күн. Сондықтан да алдымен осы бүлдіршіндерді құттықтағым келеді. Білім жолындағы сендердің алғашқы қадамдарың болашақта білім алуларың мен дамуларыңа негіз болсын.

Құрметті ұстаз қауымы!

Өскелең жас ұрпақты жақсылық пен ізгілікке бастайтын, Отанымыздың адал да абзал азаматтарын, шынайы патриоттарын, өр мінезді тұлғаларын тәрбиелейтін мәртебелі мамандық иелері — мұғалімдер қауымын жаңа оқу жылының басталуымен шын жүректен құттықтаймын! Қазіргі таңда Қазақстан – экономикалық жағынан іргелі мемлекеттер қатарына қосылған ел. Білім мен ғылымға, мәдениетке, бала тәрбиесі мен оқытуға, оларды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге ерекше мән беріліп отыр.Еліміздің білім саласы Елбасының үнемі назарында. Қазақстандық білім берудің халықаралық беделі өсіп келеді. Жас ұрпақтың жаңа буынын оқыту мен тәрбиелеуде ұстаздар қаншама тер төгеді, еңбектенеді, оларды өз елінің лайықты азаматы етіп тәрбиелейді, мақтанышы болуға дайындайды.
Өскелең ұрпақты тәрбиелеу мен білім нәрін сусындатуда қажымас еңбектеріңіз, төзімділіктеріңіз үшін алғысым шексіз. Зор денсаулық, отбасында береке, алдарыңызға талпынысы мол шәкірттер мен тәрбиелену-шілер данышпан да жақсылыққа жаны құштар жандардың келуін тілеймін!

Қадірлі ата-ана!
Білім мерекесі құтты болсын! Бүгін сіздердің балғын балаларыңыз білім ордасына алғаш аяқ аттап басса, күні ертең-ақ олар өз еңбектерінің арқасында отбасының мәртебесін арттырады, мемлекеттің жаңаруына, оның құдіретін күшейтуге өз білім-парасатымен күш-қайратын аянбай жұмсайтын болады.
Баршаңызға шығармашылық табыс, кәсіби ізденіс және мықты денсаулық, жаңа бастамаларда тек қана сәттілік тілеймін! Армандардың заңғар көкке жетелейтін сәттері білім күнінен бастау алсын деген игі тілекпен, балалардың сүйікті досы, баршаның рухани қазынасы «Мөлдір бұлақ» журналы ұжымына шығармашылық табыс, игілікті ізденістер мен толағай табыс тілеймін!
Лайляш БАКИРОВА,
Алматы облысы, Жамбыл ауданы
білім бөлімінің басшысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *