Туған елім — тұңған шежіре

Қарағанды облысының солтүстік- шығысын, Сарыарқа деп аталатын ұлан-байтақ даланың Ертіс өзеніне қараған бөлігін алып жатыр. Қарқаралының тарихы тереңде жатыр. Жер атауы аңыз-ертегілерде, этникалық дастандарда жиі кездеседі. Қытай жылнамалары мен шығыс жазба деректерінде де қалған. Бұл туралы көрнекті ғалым Әлкей Марғұланнның зерттеулерінде атап көрсетілген. Қаланың негізі 1824 жылы басталады. 1936 жылы Қарағанды облысының құрамына енген. Табиғаты туризмге лайық туған жерімнің сұлулығына, әсемдігіне орай «Қазақстанның Швейцариясы» деп атайды. Қарқаралы уездік орталық болған, Ұлы Жібек Жолы өткен. Атақты Қоянды жәрмеңкесі Қарқаралыда өткізілген. Абай үйі, Құнанбай қажы мешіті, көпестер Рязенцев пен Бекметовтың ескі ғимараттары, атақты әнші Мәди Бапиұлының жерленген жері.
Бүгінде, тарихи, қазіргі заманғы кешендердің барлығы да бар. Соның ішінде, тоқталатыным, асқақ ақындар мен ерекше ғимараттар.

Асқақ ақындар

Нарманбет ОРМАНБЕТҰЛЫ — ХІХ-ХХ ғасырда өмір сүрген атақты ақын. Нарманбет мұраларында заман шындығы, өмірдегі қайшылықтар айтылса, өлеңдерінде жастарды білім алуға, ғылым үйренуге шақырады.
Мәди Бапиұлы АЛШЫНБАЕВ — халық композиторы. Ақын 1880 жылы Қарқа-ралы уезі Едрей болысындағы Үшқара тауы баурайында дүниеге келген. Он төрт жасында тайынша жәрмеңкесінде Біржан сал, Ақан серіге кездесіп, әуелетіп ән салған. Әйгілі Қоянды жәрмеңкесінде Жаяу Мұса, Балуан Шолақ, Иман-Жүсіп, үкілі Ыбырайдай дүлділдердің батасын алған.
Атыңнан айналайын Қарқаралы,
Сенен бұлт , менен қайғы тарқамады.
Сайыңнан сайғақ құрлы сая таппай,
Мен бір жан қуғын көрген Арқадағы, — деп мөлдір бұлақтың суындай шымырлап шыққан шумақтары махабаттың мейірім шапағатын төгіп тұрғандай. 1969 жылы сазгерге арнап еңселі ескерткіш туған жерінде орнатылды.
Тәттімбет ҚАЗАНҒАПҰЛЫ — асқан күйші. Өз заманының қайраткері. Нұрбике-Шаншар болысын 12 жыл басқарған. Оны халық күйшіліктің философы деп атап кеткен.
Қалибек ҚУАНЫШБАЕВ —
халық әртісі. Актер 1883 жылы 25-сәуірде Сарытау (қазіргі Мартбек Мамраев ауылы) дүниеге келген. Сахна шебері, сөз зергері. Академиялық драма театрында 160-тан астам бейнені сомдаған.
Жүсіпбек ЕЛЕБЕКОВ — әнші, Қазақстанның халық әртісі. Абай, Ақан сері, Біржан сал, Жаяу Мұса мен Балуан Шолақтың классикалық үлгідегі әндерін насихаттаушы. Гастрольдік сапармен елімізден тыс Қытай, Үндістан мен Моңғолия сахналарында өнер көрсеткен.
Қасым АМАНЖОЛОВ. Ақын атамыз 1911 жылы ауданның Ақтайлақ өзені бойындағы ауылда дүниеге келген.
Уа, тәкаппар Дүние!
Маған да бір қарашы,
Танисың ба сен мені?»
Мен қазақтың баласы! — деп жырлаған ақын атамыздың туғанына биыл 102 жыл болды.

Ерекше ғимараттар

Құнанбай қажы мешіті
Қарқаралыдағы мешіт құрлысы іргетасы 1847 жылы басталған. Құнанбай қажы 1849-1950 жылдары Қарқаралыда аға сұлтан болып сайланған. Мешіт
80 жылға жуық
халықты иманды-лыққа тәрбиелеу мақсатында қызмет етті. 1991 жылы күрделі жөндеуден өтіп, қызметін жалғастыруда.

Абай тоқтаған үй
Қарқаралы жері қаншама ғұлама ғалымдардың ізі қалған қасиетті мекен. 1848-1850 жылдары арнайы келгенде татар көпесі Халиолла Бекметовтің үйіне тоқтаған. Бүгінде бұл үй «Саз» мектебі.
Жібек МИРАС.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *