Әке мен бала

Хазірет Иса (а.с.) бірде жолда кетіп бара жатып бір қарияны бас салып тепкілеп жатқан жас жігітті көріпті.
Әлгі кісіге жаны ашыған Иса пайғамбар бірден жүгіріп барып, араша түспек болғанда қарт оны тоқтатып:
— Мені арашаламай-ақ қой, тепкілей берсін! – депті.
Қарттың бұл сөзіне қатты таңырқаған Хазірет Иса (а.с) себебін сұрағанда, әлгі шал оның мәнісін былай деп түсіндірген екен:
— Мен де кезінде өз әкемді тұп-тура осы жерде дәл осылай тепкілеген едім. Мына жігіт – менің туған балам. Менің әкеме істегенімді балам маған істеп жатыр. Менде кеткен әкемнің өшін өз баламның менен алып жатқан жайы бар…
Бұл «Атаңа не істесең, алдыңа сол келеді» деген нақыл сөздің астарын анық ұқтырса керек.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *