Құрметті редакция!

Біз № 17 орта мектебінің 4 «А» сынып оқушылары сүйікті журналымызға хат жазу арқылы сыныбымыздың өнерлі, өнегелі, спортшы, үлгілі құрбымыз жайлы айтқымыз келеді. Ол Нүсіп Динара Ержанқызы.

Динара үшінші сыныптан бері музыка мектебінде «Домбыра үйірмесінде» оқиды. Қазағымыздың киелі домбырасынан күмбірлетіп күй ойнағанда жаныңды сүйсіндіреді. Жүзу үйірмесінің жас спортшысы. Жарыстардың жеңімпазы. 2013 жылы ЦСКА-ның ІІ орын иегері атанды. Жан-жақты болуға талпынатын Динара мектебімізде екі айға созылған «Жыл оқушысы-2013» байқауында «Жеңіске деген құлшыныс» аталымына ие бола отырып, жеңімпаздар қатарынан көрінді.
Дарынды Динараның аяқ алысына сынып жетекшіміз Қарлығаш Үлкенқызымен бірге сынып достары сәттілік тілейміз!
№17 орта мектептің 5 «А» сынып оқушылары.
Талғар ауданы, Панфилов ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ