Пальма алдында

Бір жылдары «Қазақстан-ZAMAN»  газеті мен «Мөлдір бұлақ» журналының редакциялары «Санжак» мейрамханасының үстінде, екінші қабатта орналасты. Барлық қызметкерлер редакцияға мейрамхананың алдындағы тепкішекпен көтеріледі. Тепкішектің бір бүйірінде сән үшін қойылған жеміс салып тұрған жасанды банан ағашы – пальма тұратын. Басын оң-солына бұрмай, белін қайқайтып тік жүретін Балтекең де жұмысқа келіп-кетерде сол ағаштың алдынан күнде өтеді. Бірде арамызда Балтекең бар үш-төрт адам соның алдында әңгімелесіп тұрғанбыз. Кенет Балтекең:
— Ой, ана ағашты қараңдар! – деді таңданған күйде пальманы көрсетіп. – Банан бізде де жеміс салып өседі екен ғой! – дегені.
Балтекеңнің аңғалдығына ду күліп жібердік. Күнде алдынан өтетін Балтекең бұрын оған мән беріп те қарамағаны ғой.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *