Гүлді қырыққабат котлеті

Құрметті жас оқырман, біз қырыққабатты жақсы білеміз. Ал гүлді қырыққабатты ше? Адам ағзасына пайдалы 100 гр гүлді қырыққабатта – 21 ккал бар. Құрамында фосфор, фтор, марганец, мыс, калий, кальций, натрий, каротин, және С, К, В1, В2, В6 дәрумендері болады. Енді балалар, гүлді қырыққабаттан дайындалған котлеттің дәмі қалай болар екен? Дәмін көрелік.
Құрамы: 1 кг гүлді қырыққабат; 0,5 стақан ұн; ақжелкен; аскөк; 2 жұмыртқа; тұз, сұйық май.
Дайындау тәсілі: Гүлді қырыққабаттан гүл шоғырларын бөліп, 5 минут тұз қосылған суға пісіріп аламыз. Судан алып, біраз кептіріп, майда етіп тураймыз. Оған жұмыртқа, дәміне қарай тұз және ұнды қосып, араластырамыз. Аскөк пен ақжелкенді жуып, турап қосамыз. Табаға 2-3 ас қасық суық майды қуйып, дайын болған қоспаны қуырамыз. Қуыру уақыты 4-5 минуттан аспау керек. Котлетіміз дайын.
Ас дәмді болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *