Биологиялық маңызды заттар

‼ Майдың 1 грамы толық тоққанда, 108 гр су түзеді.Түйелердің ұзақ уақыт сусыз жүретіні сондықтан. Олардың өркеш майлары тотығып, су бөліп тұрады.
‼ Жер бетіне жеткен Күн сәулесі энергиясының 12 пайызын ғана өсімдіктер сіңіре алады. Көлемі 1 м2 жасыл жапырақта 1 сағат ішінде 1 гр синтезделеді.
‼ Фруктоза глюкозадан да тәттірек зат. Ара балы сахароза мен фруктозадан тұрады. Сол себепті, бал өте тәтті. Барлық белгілі химиялық заттардың ішінде керу қысымы ең жоғары зат-қант ерітіндісі. Ал, тістің эамль қабатында сызат болса, ол қант ерітіндісі әсерінен тез бұзылады. Тәтті жеген соң, балалар, міндетті түрде ауызды шаюды ұмытпаңдар.
‼ Ананың сүтінде 7 пайыз лактоза болады. Лактоза — сүттің қанты.
‼ Ақ нанның құрамында (100 гр) — 50 гр қант, 8 гр нәруыз, 2 гр май, 40 гр су бар. Оның құнарлылығы 10 кДж. қара нанда қанттар аз болғандықтан, құнарлылығы төмендеу.
‼ Тағамдық құнарлылығы бойынша жұмыртқа- ет пен сүттен қалыспайды.
‼ Сүйектің орташа құрамы: Н2О – 20 – 25%, құрғақ бөлігі – 75-80%, оның ішінде 30% нәруыз , 45% бейорганикалық қосылыстар. Сүйектің негізгі нәруызы – коллаген.
‼ Уызда 16,08% нәруыз болады. Ондағы иммуно-глобулиндер (қорғаныш қызметін атқаратын) бала денсаулығына өте пайдалы.
‼ Азот пен тұз қышқылдарының НNO3: HCL = 1:3 болса, «патша сұйықтығы» деп аталады. Өйткені онда метал патшасы – алтын ериді.
Au + HNO3 + 3HCL = AuCL3 + NO + 2H2O
‼ Фосфор адамның жадын жақсартады, оны біз наннан, асбұршақтан, балықтан, ірімшіктен аламыз.
Нұрлан АКПЕРОВ,
М.Горкий атындағы
№4 мектеп-гимназиясының оқушысы.
Талдықорған қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *