Сыйлық

Інім Ерасылдың туған күні жақындап қалған еді. 4 жасқа толады. Сіңлім Гүлжан екеуіміз сыйлыққа қандай зат алып беретінімізді білмей, көп ойландық. Сіңлім жерден жеті қоян тапқандай:
— Ерасылға мысық сыйлайық, — демесі бар ма қуанып.
Мен үлкендігімді білдіріп:
— Туыс адамдарға ит, мысық, пышақ сыйлауына болмайды. Мұны жаман ырым деп есептейді. Қуаныш иесіне мал атап, тай мінгізеді.
Гүлжан менің айтқаныма ренжіп қалды. Сөйтсем, сыйларға кәде таппай қиналғанда, дүкен сөресінде тұрған ойыншық мысыққа көзі түсіпті. Бәріміз сіңлімнің ұсынысын жерге жықпай, інімізге сол ойыншықты сыйлап, қуанттық.
Фариза САХИЕВА,
Қызылорда облысы, Арал ауданы,
Шөмішкөл ауылы.

Cуретті салған Айдана ИМАНБЕКОВА.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *