Жетім

Жетімдікті — адам баласына тағдырдың беретін сынағы деп ойлаймын. Әсіресе, тастанды балалар жайында ойласам, жүрегім сыздап кетеді. Өзімді сол балалар үйіндегі жеткіншектердің орнына қойып көрдім. Аспаным бұлыңғыр, жанымды бір мұң басты. Болашағым жоқтай көз алдым қаратүнекке толды.Менің отбасым барына мың да бір шүкір.
Орны толмас қайғы мен мұңға толы жетімдер өмірін Аллатағала ешкімге бермесін деп тілеймін. Жетімдікті ешбір бала таңдап алмайды. Бұл ата-ананың жауапсыздығынан, безбүйректігінен, қатыгездігінен жасалған өмір. Осыны ойлағанда, ата-анамның барына қатты қуандым. Оларды ешқашан ренжітпей, сыйлап, қадірлеп өтемін деп түйдім.
Әсем СМАҒҰЛ, №32 орта мектеп.
Алматы облысы, Белбұлақ ауылы.

Cуретті салған Айдана ИМАНБЕКОВА.

ПІКІР ЖАЗУ