Кеш оянған бала-махаббат

Ата-анасы Қуандық туылғанда өте қатты қуанған. Бірақ, Қуандық кішкентай кезінен ата-анасын қуанта қоймады. Сабағын нашар оқитын. Күнде бұзықтық жасап, ата-анасын мектепке шақыртып тұрғаны.
– Е, неге шақырыпты?– десе, ол:
– Байқамай әйнекті сындырып алдым… Байқамай доп тиіп кетті!..
Міне, оның өмірі осындай «байқамайларға» толы еді. Әке-шешесі де бұған әбден үйреніп алған. Бір нәрсе болса, амал жоқ жетіп барады. Енді не істейді, үйдегі жалғыз әрі ерке ұлы. Ата-анасы Қуандық не айтса соны орындайтын. Бұны бағып-қағып өсірді, ал ол не істемеді десеңші!
Иә, Қуандықтың ата-анасына істемегені жоқ. Өсе келе ол ақша сұрауды шығарды, жаман қылықтары да жетерлік: темекі тартатын, анда-санда арақ та ішетін, балалармен төбелесетін. Оқуын да дұрыс оқымады, сабаққа мүлдем қатыспайтын. Тек білетіні өтірік ауыру немесе күні бойы кешке дейін қаңғыру. Ол өмірін осылайша мәнсіз өткізіп жүрді. Әке-шешесі бұған ұрсудан әбден шаршаған. Қуандық бәрі бір сол баяғы әдеттерінен таймайтын. Олар әл-қуатты тұратын еді. 18 жасқа келгенде Қуандық ата-анасына қоярда-қоймай машина алғызды. Достарымен көңіл көтеріп жүріп қанша рет жол апатына да ұшыраған. Әйтеуір әупірімдеп жаны аман қалып жүрді.
Қуандықтың әкесі бір компанияның бастығы еді. Ол қартайып, зейнеткерлікке шықты. Енді компания кімге қалады? Әрине, Қуандыққа! Не болса да Қуандық креслода отырып бастық болғанына мәз. Сөйтіп әкесі жұмыстан кеткеннен кейін, компанияның халі нашарлай бастады. Оқу оқымаған, басында түгі жоқ адам мынадай үлкен жұмысқа қалай ие бола алсын? Қуандық ақшаны оңды-солды шашты. Казинолардан шықпайтын. Жанынан да өзі тәрізді бұзақылар қалмайтын. Компания көп өтпей тақырға отырды. Әкесі бұны естігенде өз баласын атарға оғы болмады. Оны боқтап, қарғап-сілеп үйден қуып шықты. «Ол сенің жалғыз балаң ғой, аясаң етті» деген әйелінің сөзін де құлағына ілмеді. «Маған мұндай баланың мүлдем керегі жоқ, одан да өлгені артық» деген-ді. Ал Қуандық сол жолы:
– Тұра тұр, папаша. Мен саған көрсетемін әлі!– деп үйінен жұлқына шығып кетті.
Бейшара ата-анасы компанияның шығынын өтеумен болды. Қуандық болса, күні-түні баяғы әләулайынан танбады. Және де ол өз достарымен есірткі сатумен айналысты. Бір күні ол казинода ойнап отырып, ақшасының бәрін жұмсайды. Ұтылып қалған Қуандық ойынға не тігерін білмей әбден басы қатты. Әрі ойланып, бері ойланып ақыры зәулім үйін сыртынан картаға салып жіберді.
Көп уақыт өтпей ұтқан адамдар үйді алуға келді. Қуандық алдап кетеді деп, оны да бірге ертіп алды. Келе есікті тарсылдатып қатты ұра бастады.
– Бұл кім?– деді іштегі папасы.
– Ашыңыз!
Есікті ашқан әкесі еді. Қара костюм-шалбар киген 2-3 жігіт бұған төне қарап тұр.
– Біз мына сіздің үйіңізді алуға келдік,– деді олар.
– Қалайша? Бұл үй сатылмайды!
– Жоқ, сіз дұрыс түсіңбедіңіз. Сіздің балаңыз Қуандық өз үйін картаға тіккен еді, ұтқызып қойды. Міне, біз үйді алуға келіп тұрмыз!– деді зіркілдеп. Әкесі не айтарын білмей сасып қалды.
– Бірақ… Қалай… Ол өзі қайда?
– Қуандық, бері кел!– Қуандық ар жақта тұрған еді. Әкесі оны көре сала жағасынан алды. Бірақ қанша ұрса да, ұрысса да ол үйді қайтып алу мүмкін емес еді. Міне, осылайша олар үйсіз-күйсіз қалды.
(жалғасы
келесі нөмірде).
Нұржан АЙҒАЛИ,
Есік ҚТЛ шәкірті.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *