Елбасы бокс финалына қатысты

Астанада Елбасының жүлдесі үшін бокстан І Халықаралық турнир аяқталды. Шаршы алаңда 16 мемлекеттің былғары қолғап шеберлері белдесті. Байрақты бәсекені тамашалауға Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың өзі арнайы келді.
Жиналған спорт жанкүйерлері мен еліміздің былғары қолғап шеберлерін тамаша жеңісімен құттықтаған Елбасы “Бүгінгі таңда елімізде 170 спорт мектебінде бокс-пен 20 мыңнан аса жеткіншек шұғылдануда. Олимпиада ойындарында ел мерейін үстем еткен Бекзат Саттарханов, Ермахан Ыбраимов, Василий Жиров, Бақтияр Артаев, Серік Қонақбаевтар Қазақ боксын барша әлемге танытты. Сондықтан да алдыңғы буын ағалары салып кеткен сара жолды бүгінгі таңда лайықты жалғастыратын ізбасарлар өсіп келе жатқандығына кәміл сенімдімін” деді.Бәсекеде жерлестеріміз басқаларға дес бермеген кубалықтардың алдын орап өтті. Турнирде жеңіп алған кубокты Ұлттық  құрама капитаны, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев Елбасына тарту етті.
Шынар ОҢАШЫБАЙ,
«Мөлдір бұлақтың» жас тілшісі.
Алматы облысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *