Жеткіншектерге арналған тамақтану пирамидасы

Пирамида қоректік заттар рөлі туралы ғылыми білімдерді және ағзаның қажеттіліктерін есепке ала отырып әзірленген. Ол қоғамда қалыптасқан тамақта-нудың дәстүрлерін бейнелейді. Азық-түліктік пирами-да – бұл шегіністерге рұқсат бермейтін қатаң емдәм емес, оның міндеті таңдау жасауға көмектесу: жақсы дене бітіміне, психикалық және ақыл-ой жүйесіне толымды қуат беру үшін немен тамақтану қажет.

Әр түрлілік өте маңызды. Пирамидада ұсынылған өнімдер ағзаға баланың денсаулығы және дұрыс дамуы үшін қажетті барлық құрамындағы заттарды жеткізеді. Күнделікті емдәмнің әр түрлі болғаны, баланың әр күн сайын түрлі өнімдерді қолданғаны өте маңызды.
Көкөністер мен денсаулық. Күніне көкөністердің 5 үлесін жеуге кеңес беріледі. Сарғылт және қошқыл жасыл түсті шикі көкөністерді жеуге болады, олар тамаша дәмді және дәрумендер мен минералдардың басты көзі болып табылады. Көкөністердің түсі қарқынды болған сайын, олардың құрамында молырақ қоректік заттар бар. Жеткіншіктер үшін жақсы ұсыныс – мұздатылған көкөністер. Оларды дайындау оңай, бұл жеткіншектердің өз аспаздық қабілеттерін дамытуға мүмкіндік береді.
Кепкен жемістер мен жаңғақ. Олар өте пайдалы, бірақ шектеулі көлемде пайдаланған дұрыс – 100 грамм 500 ккал береді. Бұл өте көп әрине, бірақ сен кептірілген өрікті, мейізді, жержаңғақты күнде жей аласың. Олар тәттілерге қарағанда әлдеқайда пайдалы. Кептірілген жемістер B дәруменіне өте бай; жаңғақта E дәрумендері мен бағалы минералдар: темір, калий, кальций және магний бар. Олар ағзаға әсерін тигізіп, көңіл-күйді жақсартады. Оларда зат алмасуды реттейтін талшықтар да бар.
Тамақтану пирамидасының жалғасын алдағы сандардан оқи аласыңдар.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *