Құрметті «Мөлдір бұлақ» журналының ұжымы!

Сіздер арқылы қазақстандық мектеп оқушыларын және журнал оқырмандарын Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!
Табиғат ананың түрленіп, қызылды – жасылды күйге еніп, күн менен түн теңесіп, еңбексүйгіш халқымыздың алдағы күндерден зор үміт күтер күні – осы Наурыз мерекесі. Ұлыстың Ұлы күні Тәуелсіз елдің азаматы ретінде әрқайсыларымыз бір-бірімізге ақ ниет, игі тілектер тілеп, елдің ынтымағы мен бірлігін асқақтату жолында жұмыла еңбек етейік!
Мейірім мен шуағын төккен молшылық пен ырыстың мерекесі жүректеріңізді қуаныш пен жылылыққа толтырсын! Ұлтымыздың жаратылысынан бірге тойланып келе жатқан ұлық мерекеміз әр шаңыраққа бақ қондырып, қыдыр дарытсын!
Ұлыс оң, ақ мол болсын, ағайын!

Құрметпен,
«Жігіттер» тобының әншісі Айдар Байжанов.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *