18 жылдан кейінгі жеңіс!

Италияның Валь Ди- Фиемме қаласында өткен дүниежүзілік біріншіліктен шаңғышы жігіттер –
Алексей Полторанин мен Николай Чеботько олжалы оралды.
Біріншіліктің командалық спринтінде тізе қосып жарысқан қос жерлесіміз үздік үштіктен көрініп, одан кейін Полтораниннің өзі жекелей жарыста тағы да бір қоланы еншіледі. Сөйтіп, жігіттеріміз араға 18 жыл салып, медальға қол жеткізді.Бұған дейін дүниежүзілік додада соңғы рет 1995 жылы жүлдеге іліккен едік. Сол жолы шашасына шаң жұқтырмайтын шаңғышы Владимир Смирнов бір алтын, бір қолаға қол жеткізген. А.Полторанин мен Н. Чеботько енді 2014 жылы Сочиде өтетін қысқы
олимпиада ойында-
рында да осы жеңіс-
ті жолдарын жалғасты-рамыз деп отыр.


К.ДҮЙСЕН.

ПІКІР ЖАЗУ