Республикалық семинар

Алмалы ауданындағы М.Әуезов атындағы № 128 мектепте «Оқыту процесінің тәрбиелік құрамдасын күшейтудегі жаңашыл әдіс-тәсілдері» тақырыбында тәрбие жұмысы жөніндегі орынбасарларына республикалық семинар өткізілді. Семинар жас ұрпақ тәрбиесіне арналды. Семинардың ашылуына орай мектеп директоры ҚАБЫЛБЕКОВА Парида Сәбишқызы мектепте атқарылып жатқан іс-шаралар, жеткен жетістіктері жөнінде қонақтарға айта келе М.Әуезов мұражайымен таныстырып өтуімен басталды. «М.Әуезов – ХХ ғасырдың заңғар жазушысы» тақырыбындағы С.Ш.Бекболатова, Г.Қ Ақшалова және А.С. Нұрмұхамбетованың ұйымдастыруымен шығармашылық жоба жұмыстары қорғалды. Жобаға М.Әуезов қорының атқарушы директоры С. Ж.Жауынбаева қатысты. Директордың орынбасары С.Досполова «Жас Ұлан» ұйымының мүшелерімен бірлесе оты-рып, «Дөңгелек» үстел өткізді. «Жас Ұлан» балалар мен жасөспірімдер ұйымының атқарушы хатшысы Қ.С.Тұтқышбаев, Алматы қаласы Оқушылар сарайының әдіскері А.В.Зиновьева, Алмалы аудандық ІІБ КТІЖБ учаскелік инспекторы, полиция капитаны Қ.А.Байділдаева және педагогика ғылымдарының кандидаты, қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі К.Т.Медеубаеваның қатысуымен «Жас Ұлан» ұйымының дамуы мен келешегі» атты тақырып талқыланды. Химия пәнінің мұғалімі С.Ибраимованың ұйымдастыруымен өткен «Біз салауатты өмір салтын қолдаймыз!» марафоны зиянды әдеттерден аулақ болуды насихаттады. Ал «Ұлтыңды сақтаймын десең…» ток-шоуында директордың орынбасары А.А.Қайырбаева қазіргі қазақ қыздарының келбеті жөнінде пікір алмасты. Ток-шоуға жазушы Н.Саматұлы, ардагер ұстаз Қ.Иманбекова, ҚазҰУ-дың студенттер кеңесінің төрайымы С.Қаратаева, мектебіміздің түлектері М.Жантелі, Т.Садыққали шақырылды. Музыка пәнінің мұғалімі С.Ибекееваның жетекшілігімен жас өнерпаздардың концерттік бағдарлама ұсынылды.
Нукарбан Бексұлтан, 11 «а» сынып оқушысы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *