Жас таэквондошылар

111Тараз қаласындағы «Баласағұн» мәдениет сарайында шығыс жекпе-жегі таэквондодан мектеп жасындағы ұл-қыздар арасында жарыс ұйымдастырылды. Бұл жарысқа Алматы қаласынан «Жас» және Тараздың «Жас», «Тимур» клубтарынан  70-ке жуық спортшы қатысты.
«Тимур» командасын жаттықтырушы Руслан Исмазов Бакирұлы, «Жас» командасын Нұрматов Қалижан, ал Алматы қалалық «Жас» командасын Серік Жарасов Асарұлы бастап келді.
Жекпе-жек тартысты өтті. Солардың қатарында ерекше көзге түскен «Тимур» клубынан Ниязбеков Қанат (10-сынып), Садуақасов Арман (8-сынып), Байжиенов Еркебұлан (8-сынып), Қоңыратбаев Болатты (9-сынып) атап өтуге болады.
Ал Алматы қаласы «Жас» клубының мерейін 4, 6-сынып оқушылары Маденов Тимур, Мехтиев Али (4-сынып), Лазеров Ринат ерекше асқақтатса, тараздық «Жас» клубының атын Жақыпов Абылай (11-сынып), Қасымов Одыль, Ермолова Маргарита, Салаходдинов Ильхом, Салимов Азаматтар шығарды.
Және ең тамаша сәт — Жамбыл облыстық «Динамо» дене шынықтыру спорт қоғамы төрайымының бірінші орынбасары Шүкірәлі Бау-баев «Сармолдаев»  атындағы балалар үйінің 11 тәрбиелеушісі, Серікбаева Жансая, Пак Оля, Линев Игорь, Линев Андрей, Бекболатов Саша, Манохин Саша, Тимашенко Роман, Сафин Слава, Мұртазина Вика, Ибраимова Зайнап, Ирбаимова Зулыхандарға жеке сыйлықтар(«кимоно» киімдерін, сөмке толы тәттілер, т.б.) тапсырылып, олардың атына жылы лебіздер айтылды. Барлық қатысушыларға жүлделер үлестіріліп, мақтау грамоталар, көк ленталы алқалар және арнайы сыйлықтар табыс етілді.
Таңнан басталған мерекелік бұл жарыс кеш бата аяқталды.
Үлжан ШОРАЕВА, «МБ» жас тілшісі.
Тараз қаласы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *