Білім көрмесі

Лицейде 7-8 сыныптар арасында «Білім көрмесі» өтті. Біз алгебра, геометрия, химия және биология сабақтары бойынша тәжірибе дәрістерін көрсетттік. Оған ата-аналар қатысты. Аталған сабақтардан үйренгенімізді ортаға салдық. Әр оқушы өзінің пәні бойынша үйренгенін тәжірибе жүзінде көрсетті. Соның ішінде ата-ананы да, шәкірттерді де қатты ойландырғаны биология пәні бойынша адам өміріне қауіп төндіретін – темекі мен араққа байланысты тәжірибе жұмысы болды. Бір тал темекінің адам ағзасын түтінге толтырғанын көргенде, үлкендер жағы бір сәт ойланып қалды. Ал, ішімдіктің бауырды жегі құрттай жеп, ірітіп жібергені туралы шынайы тәжірибені жіті қараған адамдар үнсіз қалды.

«Білім көрмесі» барлық балаларға ой салды деуге болады. Бұдан біз жасөспірімдерге «Жат әдеттен аулақ жүріңдер. Әйтпесе өз өмірлеріңе ғана емес, болашақ ұрпақтарыңның өміріне де қауіп төндіресіңдер. Ойлан, жас!» деген қағиданы есіне салдық деп білемін.

А. КУЧУКОВ.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *