Сарышаяндардың «аңшылығы»

Сарышаяндар оңтүстік өңірлерде тіршілік етеді. Олар да улы, шаққан жерін қатты ауыртады, адамдар оларды көргеннен қатты қорқа бастайды. Сарышаяндар қатыгез жыртқыштар. Олардың кейбіреуі жемтігін тіміскілеп іздейтін болса, Американың шөлді өңірлеріндегі сарышаяндар жәндіктерді тасада тұрып аңдып ұстайды. Шөл далада күн батып, қараңғылық түсе бастасымен олар тығылған жерлерінен өріп шығып, жемтіктерін аулауға дайындалады. Олардың аяқтары құмның дірілін сезіп, сол арқылы жәндіктерді іздеп табады. Тарақан, қоңыз сияқты жәндіктерді алдыңғы қысқаштарымен ұстап алады да, олардың денелеріне ұзын «құйрықтарындағы» улы инелерін сұғып алады.

ПІКІР ЖАЗУ