Өрмекшілер улы бола ма?

 

Өрмекшілер – жыртқыштар.
Олардың ең басты қаруы – у. Барлық өрмекшілер улы, бірақ олардың уы жәндіктерді өлтіре алғанымен, адамдарға көбінесе әсер етпейді. Дегенімен, кейбір өрмекшілердің уы адамдарға қауіпті. Ондай өрмекшілердің көбі тропикті ормандарда өмір сүреді.
Ал біздің еліміздегі ең улы өрмекшілердің бірі де, бірегейі – қарақұрт. Олар Қазақстанның шөл далаларында тіршілік етеді, дегенімен соңғы кездері олар солтүстік өңірлерде де кездесіп қалып жүр. Олардың шаққанынан түйе, жылқылар өліп кетеді, адамдар да дер кезінде сақтану әрекеттерін жасамаса, өліп кетуі мүмкін.
Бүйі – ол да оңтүстік өңірлерде тіршілік етеді. Олардың шаққан жері қатты ауыртады, бірақ адам өміріне қауіп туғызбайды. Бұрынғы кездері бүйінің шаққанынан айығу үшін адамдар жылдам қимылдар жасайтын. Содан «тарантелла» атты би де шыққан.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *