Бүлдіршіндер мекені

Қостанай қаласындағы №61 бөбекжай-бақшасы «Ана тілін сүйетін, Отан үшін күйетін саналы ұрпақ тәрбиелеу!» мақсатында ұлттық рухты асқақтатып, егеменді еліміздің жарқын болашағы үшін жемісті еңбек етіп келеді. Тәрбиешілер ұдайы ізденіс үстінде. Іскер басшы Зауре Берсүгірова тәрбие ошағында айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізіп келе жатқанын әңгімеледі.Тәрбие жұмысын сонау 1987 жылдан бастаған мекеме 2003 жылы толық мемлекеттік тілге ауысты. Алғашында бірнеше топ болып құрылса, бүгінде он бес топта балалар тәрбиеленуде. Кәсіби біліктілігі мен педагогикалық тәжірибесі қалыптасқан жиырмадан астам тәрбиеші осы топтардағы 330 баланың бойына білім мен адамгершілік сабақтарын дарытуда. Жыл басынан бері ұлттық өнерді сүйетін балаларға арналып домбыра, би үйірмелері жұмыс істейді. Балалардың жан-жақты дамуына музыка жетекшілері Динара Есенова мен Айман Маулетовалар, хореограф Қуаныш Жаркеновтердің еңбегі зор. Жақында өткен «Кітап патшалығының жұмбақтары» қалалық сайыста өнер көрсеткен Әйгерім Бекова жүлделі үшінші орынға ие болды. Кезекті біліктілік санатын көтеру аттестациясында бөбекжай-бақша тәрбиешілері жоғары көрсеткішке қол жеткізді. Балабақша әдіскерлері Маутова Айсұлу, Ахметова Сара облыстық «Заманауи балабақша» сайысына қатысып, екінші орынды жеңіп алды. «Олимпия елінде» эксперимент алаңының бірінші және екінші кезеңінен сәтті өтті. Тәрбиешілер оннан астам авторлық жұмыстарды қорғап шықты. Республика бойынша өткен «Туған елім – Қазақстан» сайысына қатысып, жүлделі орынға ие болды.
Балжан БЕЙСЕКЕЕВА,
даярлық тобының жетекшісі.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *