Халық қаһарманы БАЙТАСОВ Ғазиздің есімі ел есінде

Ер есімі ешқашан ұмытылмақ емес!
Гүлжамал Тажиева өмірінде балаларының әкесі Ғазиз Әбдібекұлының ерлігі туралы жастарға жалықпай айтамын деп ойлап па? Әрине, жоқ… Отбасында қарапайым әке, отағасы. Қызметінде тындырымды. Тұрғындардың тыныштығының сақталуына мұқият. Әр ісіне жауапты полиция капитаны.
Тараз қаласында өткен жылы қараша айында болған террористен халықты қорғаймын деп қапыда көз жұмған қазақстан полициясының капитаны Ғазиз Байтасовтың ерлігі бүгінде аңызға айналды. Аталған ерлігі үшін оған «Халық қаһарманы» атағы берілді. Өрімдей ұлдарын емес, халқы үшін жан аямаған батырдың наградасы «Алтын жұлдыз» белгісін Елбасының қолынан оның зайыбы Гүлжамал Тажиева алған болатын. Орны толмас өкініш — отбасы тірегінен айырылды. Мақтанышы — өз мамандығына қалтқысыз қызмет көрсеткен полицияның есімін бүгінде үлкендер ғана емес, жасөспірімдер де кеуде толтыра атайды.

Ғұмыры — қысқа, ерлігі — дастан
Ғазиз Әбдібекұлы Байтасов 1971 жылы 3 сәуірде Жамбыл облысының Түймекент ауылында дүниеге келген. Жоғары білімді заңгер. 1997 жылы Қарағанды политехникалық институтын, 2002 жылы әл-Фараби атындағы қазақ Ұлттық университетін бітірді. Еліміздің құқық қорғау органдарында 20 жылға жуық қалтқысыз қызмет атқарды. Оның Отан алдындағы ерлігі үшін Тараз қаласының бір көшесіне Ғ.Байтасовтың есімі беріліп, тұрған үйіне ескерткіш тақта орнатылды. Қаланың саябағында оның бюстісі орнатылса, батырға арналған еңселі ескерткіш бой көтерді.
Н.ШЫҢҒЫСБАЕВ,
Жамбыл облысындағы меншікті тілші.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *