Тіс пастасы

Ерте кездегі адамдар тістерін тазарту үшін ұнтақты пайдаланған екен. Қытай, Үнді және Еуропа елдері жануарлардың күйдірілген тұяғының ұнтағы мен кәдімгі жұмыртқа қабы-ғының үгітілген ұнтағын араластырып қолданған. Нағыз тіс пастасы ХVІІІ ғасырда пайда болған. Дегенімен, бұл тіс пасталары адам бойына өте зиян болған, себебі ол фарфор ұнтағы мен кірпіш ұнтағының қоспасымен дайындалған. Бай адамдар оны тіс щеткасымен қолданса, қарапайым халық қолмен үйкеп пайдаланған. 1824 жылы осы ұнтаққа сабын қоспасы қосылса, 1850 жылы бор қосылған. Ал, 1873 жылы «Колгейт» компаниясынан қазіргі тіс пасталары шығарыла бастаған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *