Тарақ

Өте ерте ғасырда адамдар алғашқы тарақтарды балықтың сүйектерінен дайындап, қолданған. Тарақтың нақты қашан және қай жерде жасалғаны белгісіз, бірақ қазба жұмысы кезінде Римде жер астынан сүйектен жасалған тарақтар табылған.
Ол кең әрі жалпақ сүйектен, ұстағышы бар және 8 тістен жасалған екен. Кейінірек тарақ ағаштан, піл сүйегінен, тасбақаның сауытынан, су маржандарынан және түрлі жануарлардың мүйіздерінен дайындалған.
ХІХ ғасырға дейін адамдар тарақты осындай заттардан жасап, пайдаланып келсе, 1869 жылы екі ағайынды Исайя мен Джон Хайатт целлулоид ойлап тауып, қазіргі тарақтарды сол материалмен жасап шығаратын болған.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *