Ұстазым

Ұстазым, менің ұстазым,
Анама сені ұқсаттым.
Күлімдей қарап өзіме
Қағаз, қалам ұстаттың.
Кітап бетін ашқызып,
Қызықтырып үлгі еттің.
Әлем сырын танытып,
Жазуды да үйреттің.
Түсініп оқып, ұғыңдар,
Деп бізге жөн айттың.
Ұстазым, менің ұстазым,
Анама сені ұқсаттым!
Дархан ШАФХАТОВ.
Қарасай ауданы,
Қырғауылды ауылы.

ПІКІР ЖАЗУ