“Кірпі” бутерброды

Балақайлар, өте жеңіл әрі тәтті бутербродты өз қолыңмен дайындап, дәмін көргенге не жетсін! Дастарханға да тез дайын болатын мұндай тағам кез-келген адамның көңілінен шығары сөзсіз.
Құрамы: алмұрт; тоқаш; жаңғақ; сары май.
Дайындау тәсілі: Жуылып, тазартылған алмұртты аршып, дәл ортасынан бөлеміз. Дөңгелек тоқашты да дәл осылай бөлген қалпымен бетіне сары май жағып, жарты алмұртты қоямыз. Оның үстіне кірпі тікенектері секілді жаңғақты тізіп шығамыз. Кірпінің келбетін өз ойыңмен сәндеуіңе де болады, ал біздің қиялымызбен дайындалған кірпі бутерброды осылайша әзірленді.
Ас дәмді болсын!

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *