Көкөрім жастар сынға түсті

Бас бапкері Алексей Ни шәкірттерімен.

Көкшетау қаласында 23 жасқа дейінгі зілтеміршілер арасындағы Қазақстан біріншілігі аяқталды. Оған республикамыздың әр өңірінен жиналған 224 үміткер қатысты.
Бүгін таңда елімізде ең көп медаль сыйлап жүрген спорттың бірі – ауыр атлетика екені белгілі. Сол себепті ел-жұрттың оған деген қызығушылығы да ерекше. Оны біз Көкшетаудағы жарыс барысында да аңғардық. Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Қайрат Тұрлыханов пен Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Алексей Ни бастаған бір топ маманның осы турнирге арнайы келуі –соның айғағындай. Олар жарысты тамашалап қана қоймай, әр облыстың өкілдері және жаттықтырушыларымен кездесу ұйымдастырды. Жиын барысында келелі әңгіме қозғалды. Қ.Тұрлыханов өз сөзінде:
— Соңғы төрт-бес жыл шеңберінде Қазақстанның ауыр атлеттері орасан зор көрсеткіштерге қол жеткізе білді, — деп атап өтті. — Бұл табыстар тегіннен-тегін келген жоқ. Барлығы да ауызбірліктің арқасы. Осы орайда ол Спорт және дене шынықтыру агенттігіне, біріншіліктің бас демеушісі – «Самұрық–Қазына» әл-ауқат қорына және отандық зілтеміршілерге қолдау көрсетіп отырған басқа да ұйымдарды атап өтті.
Жарыс қорытындысы қандай? Қыздар арасында 48 келі салмақта ақмолалық Екатерина Сталеренко — алтын,талдықорғандық Гүлзат Тайболатова — күміс, Нарқыз Якубова (Семей) — қола. 52 келі салмақта Юлия Казанцева (ШҚО) — алтын, Ақмарал Үргешбаева (Ақтөбе) — күміс, Лидия Ануфриева (ШҚО) — қола. 58 келі салмақта Гүлсара Төлегенова (ОҚО) — алтын, Кристина Крохалева (Алматы) –күміс, Ақмарал Нұрымова (Қызылорда) — қола. 62 келі салмақта Фаина Сыбанбаева (Көкшетау) — алтын, Сәуле Садуақасова (Қостанай) — күміс, Әсем Сәрсенова (Қарағанды) — қола…
Осы турнир барысында И.Ильин, З.Чиншанло, М.Манеза,
С. Подобедова сынды сайып-қырандардың лайықты ізбасарлары өсіп келе жатқаны байқалды.
(Өз тілшімізден).

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *