Авокадо

Авокадо жемісі есте сақтау қабілетін жақсартады, іш жүрмеуден, көз көргіштігінің нашарлауынан, авитаминоздан сақтайды. Сондай-ақ жұқпалы немесе басқа аурулардан кейін шапшаң сауығып кетуге көмектеседі. Авокадо жеңіл қорытылатындықтан, балаларға жеген пайдалы. Солай бола тұра бұл жеміс аллергия да шақыруы мүмкін. Сондықтан, балаға бергенде, аллергия пайда болмауын қадағалау керек.Енді осы ғажап жеміс жайында тоқтала кетсек.
Авокадо жемісінің отаны – Орталық және Оңтүстік Америка. Майя тілінен аударғанда «жұмыртқа» дегенді білдіреді. Бұл атау сыртқы тұрпаты мен жемістің ағашта жұп болып ілініп тұратындығынан шықса керек.
Авокадо – биіктігі 20 метрге дейін жететін, жылдам өсетін, мәңгі жасыл ағаш. Жыл сайын алмұрт тәрізді 150-200-ге дейін жеміс салады.
Пісіп- жетілген авокадо қатты қара жасыл қабықты, ішіндегі жұмсағы жасыл сарғыш түсті және майлы болып келеді. Оның дәмі грек жаңғағына ұқсас. Жемістің ортасында – үлкен дәнегі болады.
Оның құрамында қант мөлшері аз. Құрамын-дағы май тез қорытылады, сондықтан оны асқазаны ауыратын адамдар да пайдаланады. Авокадо А, В, С, D дәрумендеріне бай. Ал, Е дәрумені жағынан оған тең келетін жеміс жоқ. Бұл жемісті жас сәби емізетін аналар жемеген дұрыс. Себебі сәбилер аллергиялық ауруларға шалдығуы мүмкін. Тамаққа тек піскен авокадоны қосады, піспеген жеміс қатты әрі дәмсіз, ал тым пісіп кетсе жұмсақ әрі майлы болады. Базардан жемісті сатып алар сәтте әлі пісіңкіремегенін алған дұрыс, оны қағазға орап сақтауға болады. Ол суықты ұнатпайды, сол себептен тоңазытқышқа салмаған жөн болар.
Авокадоның жемісі энергетикалық құнды-
лығы жағынан ет пен жұмыртқадан асатын-дықтан, авокадоны әлемдегі ең нәрлі жеміс деп Гиннестің рекордтар кітабына еңгізген.Динара КУАШОВА,Қазақ Ұлттық салауатты тамақтану орталығының ғылыми қызметкері.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *