Ешқашан ұмытылмайды

Елдос ЖҰМАБЕКОВ.

Отқа оранып жүрсе де күмәнданбай,
Ертеңгі таң жарқырап атарына,
Жеңіске басын тіккен һас батырлар,
Төрт жыл төзді соғыстың қаһарына.
Жанарымен жасқап-ақ сыр ұқтырған,
Өр кеудесі ерлікке тұнып тұрған.
Әлия мен Мәншүк те кетті емес пе?
Бейбітшілік жолында болып құрбан!
Зұхра ҚЫДЫРБЕК.
ШҚО, Жарма ауданы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *