Қайсар біздің жігіттер

«Жігіт сұлтаны» сайысына қатыстым. Өнер дегенде, біздің ойымызға бірден әншілер келеді. Сайысқа дайындалу барысында бойға біткен өнер жігіттің бағы да, кәсібі әрі нәсібі екенін түсінгендеймін. Сайыс біздің М.Мақатаев атындағы № 140 гимназиясында мектеп ішінде өтті. Оған 7-8-сыныптың өнерде, білімде, спортта жанып тұрған ұлдары қатысты. Бірімізден біріміз асып түскендейміз. Сондықтан, сыныптың намысын жоғары ұстап, жарыстың барлық шартын орындауға тырыстым. Нәтижесінде, сайыстың бірінші орнын қағып түстім. Бас бәйгені Еламан Есенжан алды. «Жігіт сұлтаны» атағына менен басқа Аслан Қарабеков, Қайрат Сәкен, Ерғанат Айдаркен, Дәулет Әділғазиевтер ие болды. Жарыс жеңімпаздарына мектеп директоры Сәния Өскенбайқызы игі тілегін арнап, алғыс білдірді.
Жалғас БАҚШАБАЙ. Алматы.

Добавить комментарий

Ваш e-mail не будет опубликован. Обязательные поля помечены *